Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы басшысы қызметіне ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы басшысы қызметіне ұсынылды @Ренат Ташқынбаев

Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы Әбілғазы Құсайынов ҚР Кәсіподақтар Федерациясы басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы Әбілғазы Құсайынов ҚР Кәсіподақтар Федерациясы басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Съезде Әбілғазы Құсайыновты ҚР Кәсіподақтар Федерациясының басшысы қызметіне тұсыну туралы шешім қабылданды", - делінген  Федерация сайтындағы "Қазпрофметалл" тау-металлургия өнеркәсіп саласы кәсіподағының Х съезі жөніндегі хабарламада.

Айта кетейік, съезде Кәсіподақтың орталық кеңесі және тексеру комиссиясы жұмыстарының есебі таныстырылды. Жұмыстар оң баға алды. Кәсіподақтар кеңесінің алдағы бес жылдық жоспары мен әрекет ету бағыттары туралы шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, тау-металлургия кәсіподағы басшыларының бірауыздан дауыс беруімен "Қазпрофметалл" басшысы болып Асылбек Нұралин қайта тағайындалды.

Сайттағы ақпарат бойынша, Құсайынов ҚР Кәсіподақ Федерациясы басшысы қызметін 2013 жылдың 28 қаңтарынан бері атқарып келеді.

Әбілғазы Құсайынов 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен сайлауда Қазақстан президенттігіне үмәткерлердің бірі болды. Ол коммунистер партиясынан шыққан Тұрғын Сыздықов пен "Нұр Отан" партиясынан шыққан Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге бәсекеге түсті. Соңғы қорытынды бойынша, Құсайынов 0,64 пайыз, яғни 57718 дауыс, Тұрғын Сыздықов 1,61 пайыз, яғни 145 765 дауыс, ал Нұрсұлтан Назарбаев 97,75 пайыз, яғни 8 миллион 833 мың 250 дауыс жинады.

Кәсіподақтар Федерациясының басшысы бола тұра Әбілғазы Құсайынов сайлауға өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети