Солтүстік Каспий жобасының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." Қазақстанда алғаш рет СТ-KZ стандарты бойынша сертификатталған жылжымалы уақытша тасалану модульдерін салтанатты шарада қабылдап алды.
Солтүстік Каспий жобасының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." Қазақстанда алғаш рет СТ-KZ стандарты бойынша сертификатталған жылжымалы уақытша тасалану модульдерін салтанатты шарада қабылдап алды.
Жылжымалы уақытша тасалану модульдері Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы KCOI компаниясының верфінде салтанатты түрде тапсырылды.
Теңіздегі және құрлықтағы өндірістік нысандар салу мен және теңіз логистикасы бойынша қызмет көрсететін KCOI компаниясы еліміздегі Солтүстік Каспий жобасы үшін осындай жұмыстарды орындайтын жетекші кәсіпорындар қатарына кіреді.
"Қашаған кен орнын игеру жұмыстарын жүргізуші персоналдың қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау - Солтүстік Каспий жобасы операторының қызметіндегі ең басты мәселе. NCOC тапсырысы бойынша KCOI инженерлері Қашаған кен орнының өндірістік нысандарында төтенше жағдайда пайдалануға арналған жылжымалы уақытша тасалану модульдері нәзірледі. Салынған нысандарды теңізде де, құрлықта да пайдалануға болады. Уақытша тасалану модульдерінің барлығы 3 жиынтығы жасалды, жалпы салмағы 843 тонна", - делінген компания хабарында.
Уақытша тасалану модульдеріне келсек, олардың әрқайсы екі блоктан тұрады: біріншісі —төтенше жағдайда 100 адамға дейін персоналды орналастыруға арналған ірілеу блок. Екінші блок төтенше жағдай іске қосылған кезде ауаның берілуін қамтамасыз етеді. Онда тасалану модульдерінің қажетті режимде қызмет етуі үшін барлық жабдық бар: компрессорлар, ауа баллондары, сүзгілеу блогы, басқару жүйесі және т.б. Әр модульдің кіре берісінде герметикалық камера бар, ол оң ауақысымын және модуль ішіне күкіртті газ енуі мүмкін кез келген жағдайда таза ауамен үрлеуді қамтамасыз етеді.
Бұл – Қазақстанда жасалып, СТ-KZ тауардың шығу тегі туралы сертификаталған алғашқы жылжымалы уақытша модульдер. CT-KZ нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат отандық тауар өндірушіге қолдау көрсету мақсатында 2009 жылы енгізілген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға арналғанын айта кетейік. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ресімдейді және куәландырады.
Салтанатты шараны NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар ашты. Ол "NCOC Қашаған теңіз кен орнын игеру жөніндегі теңдессіз және күрделі жобаны жүзеге асырып жатыр, мұндай жоба үшін әлемдік деңгейдегі ең жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер қажет. KCOI компаниясы жергілікті қамтуды елеулі деңгейде қамтамасыз етіп жатыр, бұл NCOC компаниясының жоғары деңгейлі талаптарына сәйкес келеді. Сондай-ақ, біз табысты ынтымақтастық үшін ризашылығымызды білдіреміз", - деп атап өтті.
KCOI компаниясының верфінде орындалған жұмыстарды жүзеге асыруға барынша қазақстандық мамандар тартылған: олардың компаниядағы бүкіл персонал ішіндегі үлесі 95 пайызға жеткен. KCOI компаниясы пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, үш модульді 18 айда салып, бұл жобаны мерзімінде табысты аяқтаған.
Салтанатты шарада KCOI компаниясының атқарушы директоры Мирко Боргези жергілікті мамандардың білігі туралы сөйледі.
"Біз NCOC компаниясына Қашаған кен орнын Каспий теңізінің күрделі жағдайларында табысты игеруіне барынша көмек көрсетуге және бұл ретте тауарлар мен қызметтердің сапасына қойылатын жоғары талаптарға толық сәйкес болуға тырысып жатырмыз. Жұмыстардың барлығын оқудан өткен қазақстандық мамандарымыз халықаралық стандарттарға сай жүргізеді", - деді ол.