"Індетті жұқтыру қаупі жойылды деуге әлі ерте". Көлгінов астаналықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Індетті жұқтыру қаупі жойылды деуге әлі ерте". Көлгінов астаналықтарға ескерту жасады Сурет: instagram.com/altay_kulginov_official

Алтай Көлгінов карантиннен кейінгі эпидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасағандарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Көлгінов карантиннен кейінгі эпидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасағандарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Болжамға сәйкес жағдай бірден жақсарып кетпейді. ЖРВИ маусымын ескерсек, жылдағыдай медициналық мекемелерге ауртпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, жасанды тыныс алдыру және КТ аппараттары алынды. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері де жеткізіледі. Екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізілді. Біз бұл жұмыстарды жүйелі негізде жалғастыра береміз", - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Ол қажет болған жағдайда барлық 16 инфекциялық стационарда төсек-орын қайта ашылатынын жеткізді. Айтуынша, спорттық ғимараттар мен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орныдар әзірлей алады.

"Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары алғашқы карантиннен кейін санитария нормаларын сақтанбады. Бұл кері әсерін тигізіп, індетке шалдыққандардың саны күрт өсті. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұраныс шілде айының басынан бастап 99 пайыздан 18,5 пайызға дейін төмендеді. 16 стационардың бесеуі жабылды. Оларда болған барлық науқастар жазылып шықты. КВИ мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе қысқарды", - деді Көлгінов.

№1 және №2 қалалық балалар ауруханасы тамыздың басынан бері бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Ертеңнен бастап қалалық емханалар жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады екен.

"Бірақ індетті жұқтыру қаупі жойылды деуге әлі ерте. Инфекцияны тоқтату үшін сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтау қажет", - деп қорытындылады елорда әкімі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети