Астаналық тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымын жеткізді. Олардың айтуынша, баспаналары күрт суып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астаналық тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымын жеткізді. Олардың айтуынша, баспаналары күрт суып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елорданың оң жағалауында орналасқан "Айка" тұрғын үй кешенінің тұрғындары 2015 жылы пайдалануға берілген үй көз алдымызда құлай бастады дейді. Олардың айтуынша, үйдің қасбеті жан-жаққа құлап жатқанымен, басқарушы компания ешқандай шара қолданбай отыр.
Тұрғындар жіберген сурет
Сондағы тұрғын Маржангүл Амангелдинованың айтуынша, оларға үйдің сыртын өз қаражатына жөндеу ұсынылған.
"Үйіміздің қабырғасы опырылып жатыр. Басқарушы компания жөндеу жұмыстарын өзіміз, өз қаражатымызбен жүргізуіміз керек дейді. Тұрғындармен сөйлесіп, "Алматыгорстройға" (салушы) арыз жазуды ұйғардық. Бірақ үйді басқарушы компания бізге "Алматыгорстрой" ештеңе істемейтінін түсіндірді. Не істерімізді білмейміз. Үйде өте суық", - дейді әйел.
Сарыарқа ауданының әкімдігі елордалық тұрғын үй кешенін қосу кезеңінде жылумен байланысты мәселе болмағанын айтып, оны реттеуге уәде берді. Бірақ қала тұрғындары үйдің қасбетін өз қаражатына жөндеуге немесе "Өркен Қалаға" өтініш беруге мәжбүр болады.
"Біз ПИК-ке ескертулер бердік, жылыту бойынша қысымды қарап, тексереді. Бірақ жылытуға қосылған кезде ешқандай проблемалар туындамағанына сендіре аламыз. Қаптауға келетін болсақ, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес үйдің қасбеті де кондоминиум нысаны саналады және тұрғындар қалпына келтірумен айналысады. Ол үшін мақсатты алымдарды жинау немесе "Өркен Қала" бағдарламасына өтінім беру қажет. Жалпы, олардың негізгі сұрақтары үйдегі ПИК-ке бағытталуы керек, өйткені үйдің жабыны да, жылуы да ПИК құзырында", - деп түсіндірді тілшіге әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!