"Неге 5 секундқа қоймаған?" Қарағандыдағы "жедел бағдаршам" қазақстандықтарды ашуландырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желі қолданушылары Қарағандыдағы "жедел бағдаршамға" назар аударды. Шағымға қалалық әкімдік жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желі қолданушылары Қарағандыдағы "жедел бағдаршамға" назар аударды. Шағымға қалалық әкімдік жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі Сергей Терещенко (Sergey.tereshcenko) парақшасында қала көшелерінің біріндегі бағдаршамның видеосы жарияланды. Кадрлардан бағдаршамның жасыл түсі бар болғаны 11 секунд жанып тұрғанын көруге болады, сондықтан көптеген жаяу жүргінші жолдың арғы бетіне өтіп үлгермей қалған.

Видео астына тұрғындар ондаған жағымсыз пікір қалдырып, бағдаршамдарды қайта баптау керек екенін жазған.

"Неге 5 секундқа қоймаған?", "Бүгін жаяу жүргіншілерге арналған жасыл шам 11 секундқа жанды, жолдың жартысын жүгіріп әрең өттік", "Барлық өткелдерде осылай, егде адамдар үлгермейді", - дейді пікір қалдырғандар.

Видеоға қала әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Бұқар Жырау даңғылында автокөлік құралдарының ағынын азайту үшін бір күнге (16 маусым) бағдаршамның фазасы өзгертілді. Қазіргі уақытта бағдаршам нысаны бұрынғы режимде жұмыс істеп тұр", - деді Қарағанды жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ТҮКШ бөлімінде.

Баспасөз қызметі мәліметінше, "жасыл шамның алдыңғы режимі - 25 секунд".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети