Неге Астанада құрылыс қарқынын бәсеңдету керек? Көлгінов жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неге Астанада құрылыс қарқынын бәсеңдету керек? Көлгінов жауабы Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет кулуарында Астананың экс-әкімі, премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке елордада су тапшылығына байланысты жаңа тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салу ұсынылып отыр ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет кулуарында Астананың экс-әкімі, премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке елордада су тапшылығына байланысты жаңа тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салу ұсынылып отыр ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың бұрынғы әкімінің айтуынша, әңгіме құрылысқа тыйым салу туралы емес, оның қарқынын азайту туралы болып отыр.

"Бірақ күрт құлдырау болмауы керек, бұл туралы әкіммен талқыладық. 2020 жылы әкімдікке үш миллион шаршы метр жоспар қойылды, ол орындалды. 2021 жылы - үш миллион 200 мың шаршы метр. Мұны да әкімдік орындады. 3,5 миллион шаршы метрді талқылағанда: "Жоқ, реттеу керек" дедік. Өйткені қазірдің өзінде су мен жылу инфрақұрылымын салу қажет екенін көріп отырмыз. Сондықтан жылу электр орталығы жүктемесін азайтатын, үш ЖЭО құрылысы басталды. Сондай-ақ, ЖЭО-3-тің ұзақ мерзімді құрылысын аяқтау. Сонымен қатар, электр қосалқы станцияларын, кәріз желілерін салу қажет. Бірақ баспанаға сұраныс бар, әсіресе қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс бар", - деп түсіндірді Көлгінов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети