Неге екенін өзі білмейді: Алматы полициясына бомба туралы ақпарат түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неге екенін өзі білмейді: Алматы полициясына бомба туралы ақпарат түсті Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда белгісіз біреу полицияға телефон соғып, балалар ауруханасына бомба қойылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы орталыққа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз біреу полицияға телефон соғып, балалар ауруханасына бомба қойылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы орталыққа сілтеме жасап.

Қоңырау қалалық Полиция департаментінің желісіне түсті. Белгісіз ер адам өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

"Лаңкестік қауіп-қатерге алғашқы ден қою шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі ғимарат пен оның маңайына тексеру жүргізді. Жарылғыш техника және кинологиялық бөлімшелер қауіпті құрылғыларды таппады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдікті сол күні ұсталған. Ол 23 жастағы жігіт болып шықты.

"Құқық қорғау органдары 2000 жылы туған А.-ны ұстады. Ол өз әрекетін мойындады, бірақ бұл әрекетінің мақсаты туралы сұраққа жауап бере алмады", - деп толықтырды орталық өкілдері.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети