Неге тарифтер қымбаттап жатыр, бірақ сапасы төмен? Министр жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неге тарифтер қымбаттап жатыр, бірақ сапасы төмен? Министр жауабы Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен ұялы байланыс операторлары тарифтерді көтеріп жатқанына қарамастан байланыс сапасы неге жақсармайтыны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен ұялы байланыс операторлары тарифтерді көтеріп жатқанына қарамастан байланыс сапасы неге жақсармайтыны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтар байланыс сапасына шағымданып жатыр. Осыған қарамастан ұялы байланыс операторлары тарифтерді көтеріп, ол жайлы тек хабар жіберіп отыр. Неге тарифтер өскенде байланыс сапасы жақсармайды?" – деп сұрады Tengrinews.kz тілшісі.

Жаслан Мәдиев байланыс сапасындағы мәселелер "кейде" ақ дақтарға байланысты туындайтынын айтты.

"Себептері – жаңа аудандардың пайда болуы, қаланың кеңеюі, белсенді құрылыс, жаңа ғимараттардың салынуы. Ұялы байланыс операторлары базалық станцияларды орнату, электр энергиясын тарту, антенна-мачталық құрылыстар салу мәселелерін жедел шешуі керек. Бұл біраз уақыт алады. Егер шағымдар болса, азаматтар e-otinish жүйесі арқылы жүгінеді. Біз әрекет етеміз, тексереміз, нұсқама береміз. Орындамаса – айыппұл саламыз", – деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, өйткені министрлік "азаматтар үшін байланыс сапасын үнемі жақсартуға" ниетті.

"Біз оларды (операторларды – еск.) бақылап отырамыз, бізде радиожиіліктер қызметі бар, ол (байланыс сапасын – еск.) өлшейді. Минималды шекті мәнге, секундтағы мегабиттер санына, байланыс сапасына қатысты нормативтік талаптар бар. Олар бұзылса – шара қолданамыз. Айыппұлдар бойынша үнемі қатаңдату жұмыстарын жүргізіп отырмыз, нормативтік-құқықтық актілерге – 3-5 есе арттыруды енгізіп жатырмыз. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети