Карантин шектеулері жеңілдетілген соң қазақстандықтарға театрларға баруға мүмкіндік берілді, алайда кинотеатрлар әлі де жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Карантин шектеулері жеңілдетілген соң қазақстандықтарға театрларға баруға мүмкіндік берілді, алайда кинотеатрлар әлі де жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
16 қыркүйектен бастап театрлар қайта ашылады. Алайда орындар 50 пайызға дейін ғана толу керек және 50 адамнан аспауы тиіс, келушілер infokazakhstan.kz порталында тіркеледі және маска тағу режимі, әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.
Бұл ретте даладағы кинотеатрларды қоспағанда, кинотеатрлардың қызметіне әлі де тыйым салынады.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жабық кеңістікте физикалық қашықтықты сақтау мүмкіндігі шектелетін, адам көп жиналатын жер дегенді білдіреді.
Коронавирус инфекциясының ауа арқылы берілу жолын ескере отырып, кинозалдарда жеткілікті ауа алмасуды және микроклиматтың нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қажет.
"Театрларда көрермендерді бақылауға болады, олар қаралады. Олардың өз орынында отыруын байқау мүмкіндігі бар. Ал кинотеатрларда жарық сөндіріліп сеанс басталғаннан кейін зал бақыланбайды, адамдар еркін қозғала алады, ауысып отырады. Бұл тәуекел.
Сонымен қатар, театрларда бір бөлімнің ұзақтығы 40-50 минут, ал кинотеатрда фильм екі сағатқа дейін созылады", - деп түсіндірді Байтанаев.
Сонымен қатар, ол адамдар әлеуметтік қашықтықты және маска тағу режимін қатаң сақтауды жалғастырса және эпидемиологиялық жағдай жақсара берсе, кинотеатрлар да жұмысын қайта бастай алатынын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!