Неге вайнер Шерниязов бостандыққа шығып, Төребаев колонияда қалды: сот жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неге вайнер Шерниязов бостандыққа шығып, Төребаев колонияда қалды: сот жауабы instagram.com/make_sakevich

Алматы соты Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың бостандыққа шығу уақытын түсіндірді. Екеуі де 2023 жылғы 23 маусымда бірдей жаза алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы соты Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың бостандыққа шығу уақытын түсіндірді. Екеуі де 2023 жылғы 23 маусымда бірдей жаза алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, айырмашылық жаза мерзімі есептеле бастаған уақыт пен қамауда отырған күндердің әртүрлі болуына байланысты. Шерниязовтың жазасы 2022 жылғы 19 сәуірден бастап есептеліп, тергеу изоляторында отырған уақыты екі еселеніп саналған. Соның нәтижесінде ол 2025 жылғы 3 шілдеде бостандыққа шыққан.

Ал Төребаевтың жазасы 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап есептелген. Ол жазаны жеңілдету туралы екі рет өтініш бергенімен, түрмедегі тәртібі мен сол кезде келтірілген шығынды өтемегені себепті өтініштері қанағаттандырылмаған.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 26 ​​желтоқсанында Төребаев үйқамаққа босатылғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, Шерниязов тергеу изоляторында қалған.

Төребаев қашан бостандыққа шығуы мүмкін?

Tengrinews.kz Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) Төребаевтың қашан бостандыққа шығатыны туралы сауал жолдаған. Алайда ведомство нақты күнді атамады, тек оның амнистияға ілінбейтінін ғана хабарлады.

Сот қаулыларына сүйене отырып, Tengrinews.kz тілшілері Мейржан Төребаевтың шамамен қашан босап шығуы мүмкін екенін есептеп көрді. Айта кетейік, бұл есеп жаза өтеу барысында қолданылуы мүмкін тәртіптік жазаларды есепке алмай жасалған.

Осылайша, Төребаевтың үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда және үйқамақта болған уақыты есепке алынған.
Нәтижесінде, Шерниязов бостандыққа шыққан сәтке дейін Төребаев 1827 күннің 1042 күні өтеген болып есептелген. Колонияда оған тағы 785 күн өтеу қажет болған.

Осы есепке сәйкес, Мейржан Төребаев 2026 жылғы 27 наурызда бостандыққа шығуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети