Астанада "Гелиос" жанармай бекеттерінің бірінде түсірілген видео тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада "Гелиос" жанармай бекеттерінің бірінде түсірілген видео тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар видео жіберген, онда Астана қаласының "Гелиос" компаниясының жанармай бекеттерінің бірінде болған жағдай түсірілген. Видеоның кадрларында бензин колонкасы жанармай құйылмаса да ақшаның айналып жатқаны түсіп қалған. Видеоны елорда тұрғыны түсірген.
"Гелиос" компаниясындағылар Астанадағы филиалдың есеп бергенін күтіп отыр. "Гелиос" ЖШС бөлім басшысы Жадыра Тілегеннің айтуынша, осы видео бойынша ішкі тергеу жүріп жатыр.
Осыған дейін, "Гелиос" және басқа да жанармай құятын бекеттеріне антимонополиялық заңдылықты бұзғаны үшін айыппұл салынған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2015 жылы белгіленген бағадан жанармай бағасын көтергені үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС әкімшілік өндіріске алынған.