Нelios жанармай бекетіндегі "құйтырқы әрекет" тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нelios жанармай бекетіндегі "құйтырқы әрекет" тергеліп жатыр © stas-pk.ru

Астанада "Гелиос" жанармай бекеттерінің бірінде түсірілген видео тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Гелиос" жанармай бекеттерінің бірінде түсірілген видео тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар видео жіберген, онда Астана қаласының "Гелиос" компаниясының жанармай бекеттерінің бірінде болған жағдай түсірілген. Видеоның кадрларында бензин колонкасы жанармай құйылмаса да ақшаның айналып жатқаны түсіп қалған. Видеоны елорда тұрғыны түсірген.

"Гелиос" компаниясындағылар Астанадағы филиалдың есеп бергенін күтіп отыр. "Гелиос"  ЖШС бөлім басшысы Жадыра Тілегеннің айтуынша, осы видео бойынша ішкі тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін, "Гелиос" және басқа да жанармай құятын бекеттеріне антимонополиялық заңдылықты бұзғаны үшін айыппұл салынған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2015 жылы белгіленген бағадан жанармай бағасын көтергені үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС әкімшілік өндіріске алынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети