21 тамыз 2024 | 15:51

Несие алудың жаңа жүйесі 1 қыркүйектен бастап жүзеге асады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы бар екенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы бар екенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті норма биыл ақпанда заңды түрде енгізілді. ҚНРДА мәліметінше, бүгінде 461 мың азамат несие алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.

"Заңмен 1 қыркүйектен бастап несие берушілердің несие алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде заңсыз ресімделген азаматтардың кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті қосымша енгізіледі", - деп хабарлады агенттік.

Бұдан басқа, 20 тамыздан бастап кклиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық банктік қарыздар мен онлайн-микрокредиттер беруге тыйым салынды. Сол күннен бастап борышкерлер алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті болады. Бұл ретте клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу дерегі анықталатын заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тоқтатылуға тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети