Несие алуға тыйым салу. ЕGov-та жаңа функция пайда болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несие алуға тыйым салу. ЕGov-та жаңа функция пайда болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады. Бұл функция алаяқтардан қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады. Бұл функция алаяқтардан қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актілерге мыналарды көздейтін түзетулер әзірледі:

  • жеке тұлғаның банк қарыздары мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын бекіту. Бұл сервис "электрондық үкімет" веб-порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында іске асырылады;
  • қарыз алушының кредиттік тарихында кредит алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін жеке тұлғаға кредит беруге тыйым салуды енгізу.

Ведомство мәліметінше, ереже жеке тұлғаны несие алуға тиісті тыйым болған жағдайда берілген несие бойынша міндеттемелерді орындаудан босатуды қарастырады.

Функция өзіңізді алаяқтардан қорғауға көмектеседі, сонымен қатар елден ұзақ уақыт кеткен жағдайда пайдалы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети