26 қыркүйек 2019 | 17:15

Несие кешірілген соң АӘК беру тоқтатыла ма? Вице-министрдің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан "несиесі кешірілгендерге атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады" - деген  қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан "несиесі кешірілгендерге атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады" - деген  қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

WhatsApp мессенджерінде хабарлама алмасқан сурет таралған. 

"Сәлеметсіз бе. Біз Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғынымыз. Біз атаулы әлеуметтік көмек алушымыз, енді ол ақшада тоқтатылады дейдіестуіміз бойынша. Себебі біздің несиемізді үкімет жауып бергені үшін,олда кіріске кіреді екен. Ол қалай сонда, шындық па? Сондай заң шығып жатыр дейді", - делінген мессенджерде тараған хабарламада. 

Еңбек министрлігінің өкілдері, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Бұл мүлде олай емес. Неліктен екенін білмеймін, кім мұндай ақпарат таратып жатыр, бірақ Мемлекет басшысы Жарлығында сәйкес кешірілген сомалар АӘК тағайындау кезінде кіріс ретінде есептелмейді. Мұндай жоқ. Егер мұндай нәрселер айтылып жатса, сол жерді тексеру керек. Анықтайтын боламыз. АӘК алатындар бұрынғыша алып жатыр. Кейбір жерлерде тоқтатылып жатыр, бірақ оның несиенің өтелуімен еш қатысы жоқ", - деді Нариман Мұқышев. 

Мұның алдында қазақстандық 21 мың отбасы АӘК алу үшін негізгі табысын жасырғаны анықталған еді. Олардың арасында Алматыда үш қабатты коттеджі, қымбат көліктері мен бірнеше дүкендері бар адамдар да болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети