"Несие рәсімдеуге көмектесемін". Нұр-Сұлтанда үш адамды алдаған алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Несие рәсімдеуге көмектесемін". Нұр-Сұлтанда үш адамды алдаған алаяқ ұсталды © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласында ірі мөлшерде несие ресімдеу бойынша өз көмегін көрсетіп жүрген алаяқ әйел анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласында ірі мөлшерде несие ресімдеу бойынша өз көмегін көрсетіп жүрген алаяқ әйел анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көрсеткен қызметі үшін аталған әйел жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақшалай сыйақы алып отырған. Полицияға қала тұрғыны шағымданып, 2,5 миллион теңгеге алданғаны жөнінде хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша оның танысы банктен 2 пайызбен ірі мөлшерде несие алып беруге көмек көрсете аламын, банкте таныстарым бар деп сендірген.

Жәбірленушілер оның сөзіне сеніп, сыйақы ретінде ірі сомада ақшалай қаражат берген. Осылайша күдікті үш адамды алдаған. Полицейлер 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті әйелдің бірнеше алаяқтық жасағаны анықталды. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2018 жылы сотталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүрі жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети