Енді әрбір қазақстандық өз атына несие мен микроқарыз ресімдеуге өз еркімен тыйым сала алады. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында өтінім беру қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жаса.
Енді әрбір қазақстандық өз атына несие мен микроқарыз ресімдеуге өз еркімен тыйым сала алады. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында өтінім беру қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жаса.
Бұл қызметке өтінішті тек азаматтың өзі бере алады. Несие мен микроқарыздарды ресімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді, мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алып тасталады. Сондай-ақ, бұл шектеулерді кез келген уақытта жоюға болады. Ол үшін қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру керек.
"Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп несие мен микроқарыздарды ресімдеуге ерікті тыйым салу жөніндегі сервисті іске қостық. Мұнда азаматтың өзі несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беріп, кейінірек өз бетінше қайтара алатынын түсінуіңіз керек. Қызмет арқылы еліміздің азаматтарына заңсыз несие ресімдеуге тырысатын көптеген алаяқтардан қорғануға көмектескіміз келеді", - деп түсіндірді "ҰАТ" АҚ төрағасы Ростислав Коняшкин.
Бұрын мұндай қызметті Бірінші несиелік бюро ұсынатын еді, бірақ ақылы негізде.
Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі EGOV mobile мобильді қосымшасында басты бетте, "Танымал қызметтер" бөлімінде қолжетімді. Осындай қызметті eGov.kz порталынан да алуға болады "Азаматтарға" - "Кеден және салықтар" - "Экономика және қаржы" бөлімінде.
"ҰАТ" АҚ өкілдерінің айтуынша, сервис үшінші тұлғаның біреудің атынан несие ресімдеу мүмкіндігін барынша шектеп, азаматтың қаржы ұйымдардан қарыз ресімдеуіне тыйым салғанымен, несиені бермеуге толық кепілдік бермейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!