Несиелері бар қазақстандықтарға өз құқығын қорғау жеңілдей түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несиелері бар қазақстандықтарға өз құқығын қорғау жеңілдей түседі Midjourney

Қазақстанда микроқаржы ұйымдармен (МҚҰ) қарыз алушылар арасындағы соталды дауларды шешу үшін Микроқаржылық омбудсмен институты құрылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда микроқаржы ұйымдармен (МҚҰ) қарыз алушылар арасындағы соталды дауларды шешу үшін Микроқаржылық омбудсмен институты құрылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл институт 21 желтоқсаннан бастап жұмысын бастайды. Омбудсмен қызметтері жеке тұлғалар үшін тегін болады.

"Микроқаржылық омбудсмен қазақстандықтардың микрокредиттермен байланысты дауларын қарастырады, оның ішінде мерзімі өткен қарыздарды реттеу және коллекторлық агенттіктермен даулар. (...) Ол сотқа жүгінбей дауларды шешуге ықпал ететін тәуелсіз төреші ретінде әрекет етеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, омбудсменнің қарыз алушының пайдасына қабылдаған және қарыз алушы тарапынан мақұлданған шешімдері 30 күн ішінде микроқаржы ұйымдары үшін міндетті түрде орындалуға тиіс - егер тараптар арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда.

Дегенмен, микроқаржылық омбудсмен сотқа берілген немесе заңды күшіне енген сот актілері бар істерді, сондай-ақ дәлелденбеген жағдайлары бар өтініштерді немесе жаңа жағдайлар болмаған жағдайда қайта жолданған өтініштерді қарамайды.

1 қазанға дейінгі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 220 микроқаржылық ұйым, 215 кредиттік серіктестік және 497 ломбард бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети