Несиелер жуырда теңгемен беріле бастайды - Ұлттық банк басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несиелер жуырда теңгемен беріле бастайды - Ұлттық банк басшысы ©kapital.kz

Несиені теңгемен беру жуық арада басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несиені теңгемен беру жуық арада басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

Қайрат Келімбетов журналистердің "Неге екінші дәрежелі банктер несиені ұлттық валютамен емес, доллармен беріп жатыр?" деген сұрағына жауап берді. "Банктер бірсәттік девальвация болады деп есептегендіктен сондай табиғи реакция болды, олар бір жағынан валюта несиесін беру жолымен өз валюта қауіптерін сақтандырды, екінші жағынан оларда теңгенің беріктігіне қатысты оқыс тапшылық байқалды", - деді Қайрат Келімбетов.

Ұлттық банк басшысы жуық арада бұл мәселе шешілетінін айтып, ешқандай бірсәттік девальвация болмайтынын тағы қайталады. "Бәрі сабырға келіп, алдыңғы жылдары болған қалыпты, іскерлік айналымға кірісуі керек, яғни теңгеден долларға қайтадан жаппай айырбастау басталады. Мен тағы да еске салғым келеді - теңге депозиттері 10 пайызға дейін, доллар түріндегі депозиттер үш пайыздан аспайтын мөлшерде табыс табуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, олар үшін де, жеке заңды тұлғалар үшін де, квазимемлекеттік ұйымдар үшін де валюта қаупі жоқ. Қысқамерзімді тапшылық кезеңінде біз тиісті қаражатты екінші дәрежелі банктерге ұсынатын боламыз. Олар ең таяу арада несиені теңгемен бере бастайды деп ойлаймын", - деді Қайрат Келімбетов, оның пікірінше, бұл шаралар экономикадағы ахуалды тұрақтандырады. 

 

Еске салайық, 11 ақпан күні Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген еді. Оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев халықты "теңге бағамының өзгеру мүмкіндігі туралы қауесеттерге сенбеуге" шақырды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети