Несиені комиссиясыз кейінге қалдыру: Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несиені комиссиясыз кейінге қалдыру: Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді

Кей қазақстандықтарда кем дегенде үш ай мерзімге комиссиясыз немесе басқа төлемдерсіз несиені кейінге қалдыруға мүмкіндік болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кей қазақстандықтарда кем дегенде үш ай мерзімге комиссиясыз немесе басқа төлемдерсіз несиені кейінге қалдыруға мүмкіндік болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми хабарламаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдарының халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және төтенше оқиғалардан зардап шеккен қарыз алушы - жеке тұлғаларға комиссиялар мен өзге де төлемдер алынбай, кемінде үш ай мерзімге берешекті өтеу бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін беру міндеті белгіленген.

"Кейінге қалдыру, егер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушының өтініш бергенге дейінгі екі айдағы орташа айлық кірісі алдыңғы он екі айдағы кіріспен салыстырғанда 30 пайыздан астам төмендеген жағдайда не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде беріледі", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, кредиторлар тарапынан рәсімдерді кешіктіруді болдырмау және негізсіз бас тартуға жол бермеу мақсатында мерзімі өткен берешекті реттеу үшін қажетті құжаттардың бірыңғай тізбесі енгізілген:

  • жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының соңғы алты айдағы кірісі туралы анықтама,
  • жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату, еңбекақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе уақытша еңбекке жарамсыздық туралы құжат,
  • жұмыс орнынан еңбекақысы көрсетілген анықтама және БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме,
  • қарыз алушының жүктілігіне және баланың тууына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты не ол үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болғанын растайтын құжат жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети