02 желтоқсан 2015 | 12:41

Нидерландының премьеріне Қазақстанның қысы ұнап қалыпты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нидерландының премьер-министрі Марк Рюттеге Қазақстанның қысы ұнап қалыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нидерландының премьер-министрі Марк Рюттеге Қазақстанның қысы ұнап қалыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен мұнда қуана-қуана келдім, бір айтқым келгені, мұнда мен екінші мәрте келіп отырмын және климаты суық елдеріңізде болғаныма қуанамын. Нидерландыда қыс осындай болуы керек деп ойлаймын", - деді Рютте Астанада Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен келіссөздер жүргізгеннен кейін.

Ол кездесу кезінде ортақ мәселелер бойынша көптеген мәселер жөнінде өнімді пікір алмасу болғанын атап өтті. Әсіресе саяси және экономикалық бағыттарды айтты. 

"Қазақстан Орталық Азияда Еуропалық одақпен келісімге қол қойған (серіктестік пен әріптестік жөнінде кеңейтілген келісім. - Авт.) бірінші ел. Сонымен қатар, Қазақстан ДСҰ-жа ашық әрі дүйсенбіден бастап түгелдей әртараптандырылған біріккен экономиканы жасауға жұмыс істеп істеп келеді", - деді Нидерланды премьері.

Айтуынша, біздің елдер ауыл шаруашылығы және энергетика бағыттарында сәтті әріптестік орнатқан. 

Рюттемен Қазақстанға сапарында Нидерландының ірі компанияларының өкілдері бірге келді. Үкіметтер басшылары екі елдің кәсіпкерлерімен бөлек кездесу өткізеді деп жоспарланған. 

"Бiз сондай-ақ қазiр Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформаларға қатысты мәселелердi де талқыладық. Мен қазiр елде iске асырылып жатқан және заң үстемдiгi, адам құқықтары, мемлекеттiк органдардың есептiлiгiне баса назар аударатын модернизациялау бағдарламасын да қолдаймын. Бұл тұрақты экономикалық өсiмге қол жеткiзедi деген пiкiрiммен келiседi деп ойлаймын. Екi ел арасында көптеген кездесулер өткен болатын. Нидерланды "ЭКСПО-2017" көрмесiне қатысады және бұл шара өте табысты болатынына сенiмдiмiн", - деді ол.

Айта кетейік, Екi елдiң Үкiмет басшылары кездесуi аясында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есiмов және Нидерланды Корольдiгiнiң Қазақстандағы елшiсi Ханс Дриссер Нидерланды Корольдiгiнiң "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесiне қатысуы туралы келiсiмшартқа қол қойды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети