"Ниетіңізді қолдаймыз". Кусто Тоқаевқа хат жазды

viewings icon 689

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Танымал океанолог Жак-Ив Кустоның ұлы Жан-Мишель Кусто Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Танымал океанолог Жак-Ив Кустоның ұлы Жан-Мишель Кусто Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жан-Мишель Кусто хатында Мемлекет басшысы және экология министрлігіне елімізде дельфинарийлерді жабу бастамасы үшін алғыс айтқан. Оның хатын Freedolphinskazakhstan белсенділері жариялады.

Сондай-ақ, ол Жан-Мишель Тоқаевқа Қазақстанда дельфиндерді ұстауға тыйым салу мәселесі қарастырылатынын БАҚ-тан білгенін жазған.

"Біз сізге осы бастама үшін алғыс айтамыз. Бұл ниетіңізді толығымен қолдаймыз", - деп жазды Кусто.

Сонымен қатар, "Мұхиттардың болашағы" қоғамының басшысы кейбір елдер бетон резервуарларында киттер мен дельфиндерді ұстауды тоқтату және дельфиндер көпшіліктің көңілін көтеру мақсатында пайдаланбау мәселесін қарастырып, тиіс қадамдар жасап жатқанын атап өтті.

"Ғылыми зерттеулер дельфиндер мен киттердің тұтқында болуы стресс әкелетінін растады. Олар табиғат аясында өмір сүретін дельфиндер мен киттерге қарағанда қысқа өмір сүреді", - деді ол.

Жан-Мишель Кусто былтыр Ресей үкіметімен бірге жүздеген теңіз жануарын сақтап қалу бойынша жұмыс істегенін атап өтті.

"Біз кит тұқымдастарды тұтқында ұстауға тыйым салу бастамасы ортақ мұхиттарымыздың болашағын қорғау үшін өте маңызды деп санаймыз. Біз сіздің осы жануарларды қорғауға деген адалдығыңызды қолдаймыз", - деді ол.

Сондай-ақ Кусто басқаратын Қоғамның ресми YouTube-арнасында Қазақстан халқы мен үкіметіне бейнеүндеу пайда болды.

Айта кетейік, Жан-Мишель - танымал океанолог Жак-Ив Кустоның үлкен ұлы. Ол қоршаған орта туралы деректі фильмдерімен танымал. 

Еске салайық, осыған дейін табиғатты қорғаушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, дельфиндерді босатуды сұраған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю