Нигерия азаматы Милли 3 тамыздан бері Ақтау әуежайында тұрып келген, - деп хабарлайды "Лада".
Нигерия азаматы Милли 3 тамыздан бері Ақтау әуежайында тұрып келген, - деп хабарлайды "Лада".
"Нигериялық азаматтың визасының мерзімі өтіп кеткен болып шықты. Алайда ол Қазақстаннан кетуге келісімін бермей отыр. Шекара қызметінің қызметшілері Миллиді Нигерияға қайтармақшы", - деп жазады басылым.
Айта кетейік, Милли Қазақстанға туристік виза арқылы келген. Ол мамандығы бойынша киім дизайнері екен.
"Елдегі тұрақсыз саяси жағдайларға және жиі болып жүрген терростиік әрекеттерге байланысты мен бұрыннан бері өз отанымнан кеткім келіп жүрген. Қазақстанда өмір сүріп, ақша тауып, Нигериядан жалғыз қарындасымды осында алып келгім келеді. Қазір мен оны көршілеріме қалдырып кеттім. Ата-анам осыдан жеті жыл бұрын терактіден қаза тапқан еді", - деді Милли.
Нигериялық азаматтың айтуынша, ол жақында өз елінен Астанаға турист ретінде келіп отыр.
"Мен онда жергілікті қызбен таныстым. Содан біз кездесе бастадық. Бірнеше күн өткен соң таныс қызым менің Қазақстанда болу мерзімімнің аяқталғанын және визаның мерзімін созу үшін шекараны кесіп өту керектігін айтты", - деді Милли.
"Оны Ыстамбұлдан Қазақстанға жіберді. Ол мұнда тіркелмегендіктен, ешкімнің оны Қазақстанда ұстауға құқы жоқ. Оны еліне қайтаруы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттен кетуге қажетті құжаттарға қол қоймай отыр", - деп хабарлады әуежайдың қызметкерлері.
Шекара қызметкерлерінің айтуынша, Милли Қазақстандағы шетелдік азаматтарының мекендеу жерінде ережелерді бұзбағанына байланысты қашқын болып есептелмейді. Ол бес күн ішінде тіркелуі керек болатын. Бірақ ол бұл талаптарды орындамаған. Енді нигериялық азамат сот алдына барып, айыппұл төлеуі қажет.
Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта нигериялық азаматтың ақшасы жоқ. Сондықтан ол мемлекеттің есебінен тамақтанып жүр.