11 шілде 2017 | 09:46

Никаб киген үш қыздың құлдығынан құтылған келіншек адамшошырлық оқиғасын баяндады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Паруаз Мнажатдинова. © azh.kz Паруаз Мнажатдинова. © azh.kz

Атырау облыстық ауруханасының неврология бөлімшесінің науқастары "Ақ Жайық" журналистеріне жаға ұстататын оқиғаны баяндап берді.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облыстық ауруханасының неврология бөлімшесінің науқастары "Ақ Жайық" журналистеріне жаға ұстататын оқиғаны баяндап берді.  

28 маусымда бұл бөлімшеге Қарақалпақстан тумасы, 26 жастағы Паруаз Мнажатдинова ауыр жағдайда түсіпті. Аяусыз соққыға жығылған қызды полицейлер "Авангард" ықшамауданынан тауып алыпты.

Паруаз бала кезінен бері ұстама ауруымен ауырады, соққыға жығылғаннан кейін оның жағдайы нашарлап кеткен - оның эпилептикалық ұстамасы қайталана берген. Науқас есін жиғанда палаталастарына тап болған оқиғасы жайлы айтып берген. Олар қыздың шарасыз күйін көріп, журналистерден көмек сұраған.

Паруаздың айтуынша, ол Нөкістен Ақтауға күйеуіне бола келіпті. Пойызда онымен үш қыз танысқан. Олар никаб киген, сондықтан түрлерін білмеген. Олардың бірі Жұмагүл деп танысыпты. 

"Олар Атырауға үйіне бара жатқанын айтты, пойыздан өздерімен бірге түсіп қалуын сұрады. Бала күтуші болып жұмыс істейсің деп, күн сайын 2800 теңгеден төлеуге уәде берді. Бұл көп ақша. Туыстарына көмектескім келгендіктен келісім бердім. 21 маусымда біз Атырауға келіп жеттік. Вокзалда ақ джип мінген ер адам күтіп алды. Екі қабат коттеджге алып келді, сөмкемді алып қойды, ішінде паспортым мен телефоным бар еді, сосын жертөлеге қамап тастады. Бала күтуші емес, бір кафенің асханасында жұмыс істетіп қойды, шағын мешітке апарып жүрді, онда да ас дайындадым. Түндерімді сол жертөледе өткіздім, онда егеуқұйрықтар болды, олар менің аяғымды тістеп тастады. Бірнеше күн өткеннен кейін алданғанымды түсіндім, сөйтіп, қашуға сәт күттім. Бірақ олар мені ұстап алып, соққыға жықты. Басымнан ұрып, шашымнан ұстап сүйреді. Осыдан ұстама ауруым қозды. Сегізінші сыныптан бері эпилепсиям бар. Олар шошып кетіп, көшеге тастап кетті. Есімді жиған соң бас ауған жаққа қаша жөнелдім...", - дейді қыз.

Палаталас құрбылары соққыға жығылған науқасқа полицейлердің келгенін айтты: "Олар қызбен әңгімелесті. Бірақ ол арыз жазбады. Полицейлер ұсынған да жоқ, өзі де бұл туралы ойламады. Бірақ қазақ тілін білмесе, қалай жазады, орыс тілін де білмейді, мұндай жағдайда бола отырып қалай жазбақ? Оның үстіне ұстамасы сағат сайын қайталана берді".

Мақала авторы бұл оқиғаның шындыққа жанаспауы да мүмкін екенін алға тартады. Алайда бір ғана дерек әзірше рас - қызды біреулер ұрып-соққан, құжаттары жоқ, ауруханадан бірақ шыққан.

Басылым тілшісі осы дерек бойынша полициядан қандай да бір мәлімет ала алмай отырғанын жазады. 

Алайда оқиғадан хабары бар тұрғындар әйелге көмектесуге кірісіп кеткен. Бей-жай қарай алмаған тұрғындар Паруазға киім-кешек, тамақ, ұялы телефон алып келіпті. Сонымен қатар, олар оның туыстарын іздеуге көмектесіп жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course down  546.67  course up  5.21  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer