"Никонов ашқан": Қарағандыда орыс тілі орталығына байланысты дау шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1215 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Вячеслав Никонов. Фото ©РИА Новости Вячеслав Никонов. Фото ©РИА Новости

Қарағандыда жергілікті жоғары оқу орнында ашылған орыс тілі орталығына байланысты дау туды. Қаланың қоғамдық белсенділері орталықты "Русский мир" қоры ашты деп күдіктенеді. Оны әйгілі ресейлік депутат Вячеслав Никонов басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда жергілікті жоғары оқу орнында ашылған орыс тілі орталығына байланысты дау туды. Қаланың қоғамдық белсенділері орталықты "Русский мир" қоры ашты деп күдіктенеді. Оны әйгілі ресейлік депутат Вячеслав Никонов басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 маусымда Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде орыс тілі орталығы ашылған. Қарағандылық қоғам белсенділері "Русским мир" қорының ресми сайтында осы ақпарат жарияланғанын жазды. Соған байланысты, олар орталықтың қорға қатысы бар деп күдіктенеді. Алайда көп ұзамай сайттағы ақпарат өшірілген. Бірақ бірқатар БАҚ-та ақпараттың скриншоттары қалған, ал Google қордың сайтында бұрын жарияланған осы жаңалыққа сілтеме береді.

Алайда Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ақпаратты жоққа шығарды. Университеттегілер орталықтың "Русский мир" қорына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. ЖОО ақпараты бойынша, орталық халықаралық Орыс тілі күні қарсаңында филология факультетінде ашылған.

 "Соңғы уақытта университетте тілдерді жетік меңгеру үшін ағылшын, неміс, қытай, түрік тілдері кабинеті ашылды. Жақында ашылған орыс тілі мен әдебиеті кабинеті осы мамандық студенттеріне, сондай-ақ жақын және алыс шетел студенттеріне орыс тілі мен әдебиетін оқытуға арналған. Кабинетті ашу мәселесі Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісімен талқыланды. Келіссөздер 2017 жылдан 2019 жылға дейін үш жыл бойы жүргізілді", - деді университет өкілі.

Сондай-ақ, елшілік университеттің филология факультетіне оқу әдебиетінің мыңнан аса данасын берген.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмағанын айтты.

"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, оған ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды. Кейін бұл мәлімдемелерге Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров түсінік берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю