Ninety One солисі "Ең әдемі 100 адам" байқауының номинанты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ninety One солисі "Ең әдемі 100 адам" байқауының номинанты атанды © instagram.com/acetagrammy

Қазақстандық әнші, Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын (ACE) The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші, Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын (ACE) The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ұйымдастырушы TC Candler арнасының Instagram-дағы парақшасында белгілі болды. Дауыс беру науқаны басталды. Қолданушылар 2021 жылдың ең әдемі 100 адамын анықтау үшін лайық деп тапқан жұлдыздың суретіне пікір жазып, лүпіл басып жатыр. 

ACE-тен бөлек, бұл тізімде танымал әнші Зейн Малик, актер Том Круз, актриса Эмма Уотсон, Victoria 's Secret "періштелерінің" бірі болған Кэндис Свейнпол және басқалары бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TC Candler (@tccandler)

Еске салайық, бұған дейін "2018 жылдың ең әдемі 100 адамы" байқауының номинанттары қатарына қазақстандық модель Айя Шалқар да кірген. 

Одан бұрын Димаш Құдайберген ерлер арасында "2017 жылдың ең әдемі 100 адамы" тізіміне енген еді. Youtube желісіндегі TC Candler арнасы Димашты 76-орынға қойған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети