Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Қазақстан Үкіметі енді "казармалық режиммен" жұмыс істейтін болады. Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгінгі отырыста мен Үкіметке барынша салмақты тапсырмаларды атап өттім. Олар бойынша, құжаттар, бағдарламалар, заң жобалары әзірленетін болады, күнделікті атқарылатын жұмыстар да жеткілікті. Сондықтан да, Үкімет образды түрде айтқанда "казармалық режиммен" тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін болады", - деді Елбасы. Президент бұл ретте Үкімет алдына жүктелген тапсырманың әрбір пунктін өзі тікелей бақылайтынын, аппарат осымен айналысатынын мәлімдеді. "Өйткені, дәл осыдан барып біз алдыға қойған міндеттерді атқара аламыз ба, жоқ па, білінетін болады. Ең бастысы бізде бәрі бар, тек жұмыс істеу керек. Әркімнен мықты сұрау салынады. Кімнің кім екені де осыдан білінеді", - деді Н. Назарбаев. Еске сала кетейік, бүгінгі жиында Мемлекет басшысы негізінен былтырғы қазан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке тапсырылған міндеттердің орындалу барысына да мән берген болатын. Президенттің айтуынша, сол тұста Үкіметке 33 міндет жүктелсе, соның тек 11-і ғана немесе отыз пайызы орындалған.
Қазақстан Үкіметі енді "казармалық режиммен" жұмыс істейтін болады. Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінгі отырыста мен Үкіметке барынша салмақты тапсырмаларды атап өттім. Олар бойынша, құжаттар, бағдарламалар, заң жобалары әзірленетін болады, күнделікті атқарылатын жұмыстар да жеткілікті. Сондықтан да, Үкімет образды түрде айтқанда "казармалық режиммен" тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін болады", - деді Елбасы.
Президент бұл ретте Үкімет алдына жүктелген тапсырманың әрбір пунктін өзі тікелей бақылайтынын, аппарат осымен айналысатынын мәлімдеді. "Өйткені, дәл осыдан барып біз алдыға қойған міндеттерді атқара аламыз ба, жоқ па, білінетін болады. Ең бастысы бізде бәрі бар, тек жұмыс істеу керек. Әркімнен мықты сұрау салынады. Кімнің кім екені де осыдан білінеді", - деді Н. Назарбаев.
Еске сала кетейік, бүгінгі жиында Мемлекет басшысы негізінен былтырғы қазан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке тапсырылған міндеттердің орындалу барысына да мән берген болатын. Президенттің айтуынша, сол тұста Үкіметке 33 міндет жүктелсе, соның тек 11-і ғана немесе отыз пайызы орындалған.