Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен көне Сарайшық шаһарының орнын сақтап қалу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен көне Сарайшық шаһарының орнын сақтап қалу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осы мақсатта қазір Жайық жағасын бекіту жүріп жатыр. Айта кетейік, көне қаланың орнын Жайық суы шайып бара жатқаны көптен бері мәлім. Қалашық өзен ағып жатқан жердің шамамен бір шақырым бойында орналасқан. Жағаны бекіту жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдік мұнда туристік орталық салу үшін жеке кәсіпкерлерді серіктестік орнатуға шақырып отыр.
Сурет/видео: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Көне Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырым жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жібек жолының бойында тұрған мұнда 7 хан жерленген. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар.