Нөсер және 32 градусқа дейін ыстық: Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады

Нөсер және 32 градусқа дейін ыстық: Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 4, 5 және 6 шілдеде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы: күн күркіреп, бұршақ жауып, жел соғады

4 шілдеде күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Жарнама
Жарнама

5 шілдеде күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус.

6 шілдеде күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундіне 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус.

Алматыдағы ауа райы: жаңбырдан кейін күн ысиды

4 шілдеде күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +24...+26 градус.

5 шілдеде күн құбылмалы болады, түнде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундіне 13 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +28...+30 градус.

6 шілдеде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундіне 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады

Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанда ауа райының шұғыл өзгеретінін хабарлаған еді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ түседі, ал басқа аймақтарда температура +40 градусқа дейін көтеріледі. Ел бойынша ауа райы болжамы туралы толығырақ - осы жерден оқыңыз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама