"Қазгидромет" синоптиктері 4, 5 және 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жауады және шаңды дауыл тұрады
Болжамға сәйкес, алдағы күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады.
Қай өңірлерде нөсер күтіледі?
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қатты жаңбыр келесі өңірлерде болады деп болжануда:
- 4 шілдеде - елдің солтүстік-батысында;
- 4-5 шілдеде - оңтүстік-шығыс пен орталық аймақтарда;
- 5-6 шілдеде - Қазақстанның шығысында;
- бүкіл кезең бойы - республиканың солтүстігінде.
"Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, ал солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Аптап 40 градусқа дейін көтеріледі
Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің көптеген аймағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтіледі. 5-6 шілдеде күндіз Қазақстанның батысы мен орталығында 35-39 градусқа дейін, оңтүстік-батысында 40 градусқа дейін, ал солтүстік-батысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыста бүкіл кезең бойы 35-37 градусқа дейінгі аптап сақталады.
Қазақстанда 2026 жылдың шілде айы қандай болады
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда шілде айы қарама-қайшы болатынын хабарлаған еді: аптап күндер нөсер, найзағай, екпінді жел және шаңды дауылдармен алмасып отырады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы кей күндері +45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.