26 ақпан 2024 | 13:04

Nostrum Oil&Gas: Ішкі нарыққа СКГ жаңа жеткізілімдері

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылғы желтоқсанда "Nostrum Oil&Gas" компаниясы негізгі акционері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 50% қатысу үлесі бар серіктесі болып табылатын "Орал Ойл энд Газ" ЖШС-мен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысы үшін дамудың маңызды кезеңіне қол жеткізді. "Орал Ойл энд Газ" компаниясы Чинарев мұнай-газ өндіру кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан ірі Рожков кен орнынан, өнімділігі жылына 4,2 млрд текше метр болатын әлемдік деңгейдегі "Nostrum Oil&Gas" өңдеу қондырғыларында шикі газды өңдеуді бастады. Осы маңызды кезеңді жүзеге асыру компаниялардың үш жылға жуық тығыз техникалық және коммерциялық ынтымақтастығының шарықтау шегі болды.

Иконка комментария блок соц сети

Осы қайта өңдеу үдерісі "Nostrum Oil&Gas" қуаттылығы мен инфрақұрылымының басқа өндіруші компаниялардың газ өңдеу қондырғысы ретіндегі тиімділігін көрсетеді, бұл аймақта өзінің қайта өңдеу қуатын салу кезінде тиімсіз болатын жетуге қиын газды өңдеуді дамытуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысы үшін бұл үлкен жетістік Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, "Nostrum Oil&Gas" қолданыстағы заманауи газ өңдеу инфрақұрылымын пайдалана отырып, ішкі нарық бағалары бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газына күннен күнге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін экономикалық тетік болып табылады, бұл Мемлекет басшысы қойған негізгі басым міндет: "Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет" .

"Nostrum Oil&Gas" компаниясы Қазақстан халқының энергетикалық қажеттіліктерін қолдауға толық міндеттемесін мойындай отырып, "Орал Ойл энд Газ" шикі газынан өндірілетін сұйытылған мұнай газының негізгі бөлігін жоғары операциялық шығындарға байланысты кездесетін қиындықтарға қарамастан ішкі тұтынуға бағыттайды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты осы маңызды бірлескен жетістіктердің дәлелі болып табылады.

Фото: Виктор Предыбайло

Nostrum Oil&Gas ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети