Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың телефонынан видеоларды көріп жылап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың телефонынан видеоларды көріп жылап жіберді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың телефонына түсірілген бейнежазбаларды қарау кезінде жылап жіберді. Бүгін сот айыпталушының телефонын қарауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың телефонына түсірілген бейнежазбаларды қарау кезінде жылап жіберді. Бүгін сот айыпталушының телефонын қарауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың телефонынан видеоны бірінші болып судья Айжан Құлбаева қарады. Кейін материалдар зардап шеккен тарапқа көрсетілді.

"Еске салайын, бұл тек 9 қарашадағы видео", - деді судья.

Видеоларды қарау кезінде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, сондай-ақ оның адвокаты Жанна Уразбахова эмоциясын ұстай алмады. Бұған дейін сот процесі кезінде Салтанаттың әпкесі ауырып қалған болатын: ол жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды.

Скриншот

Бұл ретте Қуандық Бишімбаев телефонына түсірілген видеоны "монтаж" деп атаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети