Нұр-Cұлтанда мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Cұлтанда мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен роль атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің арқасында студенттер мен оқушылар қажетті білім алып, олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр".

"Біз Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында орналасқан мұғалімдер саябағын абаттандырдық. Бұл саябақ қала тұрғындарының демалуы үшін ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдер мен студенттердің қарым-қатынас орнататын жері болады", - деп жазды әкім Instagram-парақшасында.

Фото: Александр Куприенко

Сонымен қатар, Көлгінов жаңа оқу жылынан бастап өздері педагог болып жұмыс істейтін түлектер туралы да сөз қозғады. 

"Болашақ ұстаздар елорда тарапынан бөлінген грант бойынша білім алды. Осыған дейін біз 1300 грант бөлген едік, ал жаңа оқу жылында тағы 1000 грант бөлінеді. Сол сияқты білім беру әдісімен көзге түскен ұстаздарға 300 мың теңге көлемінде сыйақы береміз. Олардың еңбегінің арқасында оқушыларымыз олимпиадаларда 90-нан аса медаль жеңіп алды", - деді ол.

Фото: Александр Куприенко 

Фото: Александр Куприенко 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети