"Нұр Отан" 4 мың мүгедекті жұмысқа тұрғызады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" 4 мың мүгедекті жұмысқа тұрғызады Фото primeminister.kz сайтынан

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кем дегенде 4 мыңы жұмысқа тұрғызылатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы төрғасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап. Оның айтуынша, бүгінде партия әрбір адамның жеке мәселесіне көңіл бөліп, орталықтан жергілікті жерлерге дейінгі нақты қарым-қатынасты жүргізуге көшті. "Біз сан алуан әлеуметтік топтарды қамтитын 12 ірі партиялық жобаны іске қостық. Соның ішінде "Мықты бизнес - мықты мемлекет", "Жастар - Отанға!", сондай-ақ ауыл мәселелеріне арналған "Біздің ауыл" сияқты жобалар бар", - деп атап көрсетті Үкіметтің бүгінгі отырысында Б.Байбек. Ал партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүгедек жандарды ел өміріне жан-жақты араластыру мақсатында "Кедергісіз болашақ" жобасы қолға алынды. "Қазірдің өзінде оның аясында 2 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың тағы кем дегенде 4 мыңы жұмыспен қамтылады деген жоспар бар", - дейді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети