"Нұр Отан" АҚФ төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" АҚФ төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды © Nurotan.kz

"Бауыржан" қайырымдылық қорының жетекшісі Жұлдыз Омарбекова "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында белгілі болды. Ол ҚР Мәжіліс депутаты болып сайланған Зәуреш Аманжолованың орнына келді.

"Зәуреш Жұманәлиқызы ауданның әйел әкімі, Алматы әкімінің орынбасары және "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қаланың дамуына зор үлес қосты. Мен сіздің қаланың ғана емес, елдің де дамуы үшін еңбек сіңіргеніңізге сенімім мол. Оның орнына келген Жұлдыз Кәжікенқызын таныстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол қоғам белсендісі, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты. Көп жылдан бері үкіметтік емес секторда жұмыс істеп келеді", - деді "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек.

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген. Ол "Бауыржан" қайырымдылық қорының және "Алтын Жүрек" қайырымдылық жүлдесінің негізін қалаушы. Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегі ұлттық комиссияның мүшесі. Түрлі жылдары журналист, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети