08 қазан 2014 | 22:16

"Нұр Отан" фракциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

"Нұр Отан" фракциясы 2015-2025 жылдарға арналған партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" фракциясы 2015-2025 жылдарға арналған партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қарастырылып жатқан бағдарлама "Қазақстан-2050" Стратегиясында қойылған міндеттер мен партия Доктринасындағы басымдықтарды ескере отырып, қазақстандық қоғам мен мемлекетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыру мақсатына шақыратын маңызды құжат", - деді Фракция жетекшісі Дариға Назарбаева Мәжілісте өткен жиналыста. Сондай-ақ ол Қазақстанда үш жауапты элементтен тұратын жүйені құруға жағдай жасау жаңа бағдарламаның негізгі құндылығы болатынына тоқталды. "Біріншісі - азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншісі - экономикалық даму, азаматтық қоғамның қозғаушы күші ретіндегі мықты бизнес. Үшіншісі &ndash жауапты азаматтық қоғам", - деп атап өтті ол.

Депутат Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бағдарламаны жасап шығу үшін фракция мүшелері барлық күшін салған. Бағдарламаның мақсаты біздің уақытымыздың талабымен үндесіп жатыр. "Бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалып жатқан 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік Стратегияның идеологиялық негізін қалыптастыруға бағытталған. Біз оны баршаға түсінікті етіп дайындауға тырыстық. Талдау көрсеткендей, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе болуда. Сондықтан "Қазақстан-2050" Стратегиясының ауқымды міндеттерін іске асыру үшін елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімділігін, сапасын арттыру қажет", - деді ол. 

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясы жаңа бағдарламаның жобасын осы жылдың шілде айында көпшіліктің талқылауына ұсынған болатын.  Аталған құжаттың жобасы 6 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарының, өңірлік Саяси кеңестердің отырыстарында қаралып, талқыланған. Бағдарлама жобасында белгілі тәуелсіз сарапшылардың, ҮЕҰ-ның, ғылыми орталардың кеңестері де ескерілген. Бағдарлама жобасына орай партия мүшелерінен, сарапшылар қауымдастығынан және интернет-пайдаланушылардан 900-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар түсіп, соның арқасында бастапқыдағы Бағдарлама жобасы мәтінінің 40 пайызы өзгеріске ұшыраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің қарауына қазан айының соңғы онкүндігінде ұсынылады.

Еске сала кетейік, "Нұр Отан" партиясының XV Съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі ретінде ымыраға көнбейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны әзірлеу" міндетін тапсырған.

Осыдан бір ай бұрын ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы жемқорлықты жою шарасы туралы айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, болашақта шағын бизнестің заңды тұлғалары үшін мөр басу талабының міндеттілігі түгелдей алынып тасталады. 2015 жылдың шілдесінде салынған нысандарды пайдалануға беру бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы таратылады. Оларды атқару міндеті арнайы жауапкершілікпен тәуелсіз сарапшыларға беріледі. Сондай-ақ жерді пайдалану саласындағы жер телімдерін мақсатты пайдалануды жүктеудің 46 түрі толығымен алынып тасталады. Тұрғын орындары үшін жер телімдерінің үш тұрпаты енгізіледі - тұрғын үйлік, әлеуметтік, коммерциялық.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети