"Нұр Отан" партиясы алғаш рет қаржылық есеп-қисабын жария етпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.
"Нұр Отан" партиясы алғаш рет қаржылық есеп-қисабын жария етпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.
"Бір айдың ішінде біз алғаш рет, жалпы саяси партиялардың тарихында тұңғыш рет қаржылық есеп-қисабымызды жариялайтын боламыз. Меніңше, осыдан кейін біз әрбір қайырымдылық қорынан, әрбір корпоративті қор мен үкіметтік емес ұйымнан ашық болуды талап етеміз", - деді Байбек "Нұр Отан" партиясының 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында.
"Мен ойлаймын, әлеуметтік тапсырыс, қайырымдылық көмек сияқты қамқорлық шараларын жауапты әрі ашық ұйымдарға ұсыну қажет. Сол кезде біз көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендете аламыз", - деп атап көрсетті партия төрағасының бірінші орынбасары.
Оның айтуынша, партияның жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жаңа нұсқасында ел азаматтарының барлық ұсыныстары ескерілетін болады. Ол үшін аталған құжат халық талқысына салынады.