Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Нұр Отан" Қазақстан Президенті сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастаманы қолдады

16 Ақпан 2015, 11:57
2
©"Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі
©"Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі

"Нұр Отан" Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан халқы ассамблеясының елде Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі ұсынысына қатысты пікір білдірді.

"Нұр Отан" партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде ұсынысты толық қолдайды. (...) Осыған байланысты Қазақстан халқы ассамблеясының ұсынысын қолдай отырып, Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы ел мен халықтың мүддесін қорғайтын дұрыс шешім деп есептейміз", - деді брифинг барысында Бауыржан Байбек партияның саяси мәлімдемесін оқу үстінде. Байбек бүгін таңертең бюро мүшелерінің саяси кеңесінің отырысы болғанын, сол кезде шешімнің қабылданғанын атап өтті. 

"Нұр Отан" партиясы барлық азаматты, барлық саяси және қоғамдық күшті кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамын", - деді Байбек.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары өзінің демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысын өткізуге бастама көтергенін атап өтті. Оларға жазбаша үндеу жолданған. Кездесу барысында жиналғандар Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің Мемлекет басшысын сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысын талқылайды. Отырыс Астанада 17 ақпан күні өтеді.

Айта кетейік, 14 ақпанда Астанада Қазақстан халқы ассамблея (ҚХА) кеңесінің отырысы болып өтті. Мұнда кеңес мүшелері Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге бастама көтерген азаматтардан ҚХА тарапына келіп жатқан көптеген үндеуіне бірауыздан қолдау білдірді.  

Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері әлемдегі күшейіп келе жатқан экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасын тиімді іске асыруға және ел дамуының ұзақмерзімді бастамаларын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

"Осы бір күрделі жағдайда қазақстандықтарды біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына жиналуға шақырамыз. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономиканың өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын нығайту маңызды. Бұл бастама іс жүзінде - баламасыз. Бұған қоса, келесі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлау бір уақытта келеді. Конституция нормаларын мүлтіксіз орындау мақсатында бұл сайлауларды әртүрлі уақытта өткізген жөн", - деді ҚХА өкілдері.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай