07 мамыр 2016 | 09:53

"Нұр Отан" партиясы қуатты саяси күш болып қалуға тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының жаңа орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің партияның қызметін одан әрі нығайту қажеттігін ескере отырып тағайындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының жаңа орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің партияның қызметін одан әрі нығайту қажеттігін ескере отырып тағайындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Назарбаевтың айтуынша, "Нұр Отанда" бұл үшін қаржылық, кадрлық және материалдық ресурстың бәрі бар. "Партия қуатты саяси күш болып қалуға тиіс. Барлық пікір, идеялар партиядан шығуы керек. "Нұр Отанның" өзінің талдау орталығы болуы қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Назарбаев Мұхтар Құл-Мұхаммедтің журналистік және заңгерлік білімі бар екеніне, әр жылдары Парламент Сенатының депутаты, Президенттің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, мәдениет министрі болып жұмыс істегеніне назар аударды.

Құл-Мұхаммед өзіне сенім артылғаны үшін алғыс білдіріп, партияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бар күші мен білімін жұмсайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болғаны хабарланған еді. Ол ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған Асқар Мырзахметовтің орнына келді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети