Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсынысты Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтты.

Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. 

Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуге тиіс. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети