Nur Otan партиясының жауапты хатшысы тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асқат Оралов. astana.gov.kz Асқат Оралов. astana.gov.kz

Асхат Оралов Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Асхат Оралов Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Оралов Асхат Раздықұлы партияның жауапты хатшысы болып тағайындалды", - делінген партия хабарламасында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде партия құрылымын қайта қарап, оңтайландыруды тапсырған болатын. 

Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусымынан бастап Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мемлекет басшысы оған көп жылғы жұмысы үшін алғыс білдірді.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

Әр жылдары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Nur Otan партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеді.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 12 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro