31 тамыз 2020 | 16:26

Nur Otan праймеризіне үміткерлердің орташа жасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: nurotan.kz Сурет: nurotan.kz

Nur Otan партиясының праймеризіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталып, қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Nur Otan партиясының праймеризіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталып, қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Осы демалыс күндері Nur Otan праймеризіне үміткерлерді тіркеудің қорытындысы шығарылды. Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол - партияны "қайта жандандыру" мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр.

Сонымен, 17 - 28 тамыз аралығында 10 990 адам тіркелді. Олардың 36,9 пайызы - әйелдер, 29,6 пайызы - 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін-өзі ұсынушылар - 7900 адам.

Қатысушылардың орташа жасы - 43.

Бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 18. Алматы мен Шымкентте - 9-дан, Жамбыл және Түркістан облыстарында - 6 үміткерден келеді. Шығыс Қазақстан облысында әйелдер және Түркістан облысында жастар ерекше белсенділік танытып отыр, - деп жазған ол.

7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі - үгіт басталады. 14 - 30 қыркүйек аралығында онлайн режимде жария пікірсайыстар өтеді.

Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының аясында қыркүйектің басында өңірлік 216 сайлауалды бағдарламажобалары жарияланады. Олар халықпен бірге талқыланғаннан кейін жетілдіріледі.

"Осы орайды пайдалана отырып, өз-өзіне және партиямызға сенім артып, праймеризге өз кандидатурасын ұсынған әрбір жанға алғыс айтқым келеді. Біз олардың адал, ашық және барша қатысушыларға берілген тең мүмкіндіктермен бақ сынауларына бар жағдайды жасаймыз.

Партияішілік іріктеудің жеңімпаздары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерімізге енгізіледі. Бұл - 5,5 мыңнан астам адам. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети