11 ақпан 2022 | 17:37

Nur Otan Президент тапсырмаларын қалай орындайды? Асхат Оралов жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan-ның жауапты хатшысы Асхат Оралов бейне-конференц-байланыс режимінде барлық өңірлік филиалмен жұмыс басымдықтарын белгілеп, кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Nur Otan-ның жауапты хатшысы Асхат Оралов бейне-конференц-байланыс режимінде барлық өңірлік филиалмен жұмыс басымдықтарын белгілеп, кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша алға қойған міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау үшін партияның барлық ресурсын жұмылдыру қажет.

"Біз Мемлекет басшысының бағыты төңірегінде топтасып, еліміз үшін қиын уақытта Президент жақтастарының мықты өзегі болуға тиіспіз. Бүгінде қатарымыздағы бірлік бұрынғыдан да қажет. Nur Otan партиясы - мемлекеттілігіміздің институционалдық тірегі және қоғамдағы барлық сындарлы күштің топтасуын қамтамасыз етуге, қолда бар барлық ресурсты жұмылдыруға тиіспіз. Елдің дамуы үшін ең маңыздысы - саяси тұрақтылық пен қоғамдағы келісім", - деді Асхат Оралов.

Ол Nur Otan ең алдымен, қатардағы мүшелердің: мұғалімдер, дәрігерлер, өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлері, шаруалар және басқалардың құқығы мен мүддесін қорғауға тиіс екенін айтты. Партияның басты міндеті - халықпен жұмыс істеу, олардың проблемаларын білу және оларды шешу үшін жағдай жасау, билік пен халық арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету.

"Бүгінде Nur Otan-ға үлкен міндеттер жүктелген. Сондықтан өз қызметімізге деген көзқарастарды қайта қарауымыз керек. Барлық партия органдары, фракциялар, қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру қажет. Бастауыш партия ұйымдарына баса назар аудара отырып, партиялық бастамалар тек орталықта ғана емес, жергілікті жерлерде де айтылуы керек. 

Nur Otan-ға деген сенім нақ осы "бастауыш партиялардан" басталады, бұл - кез келген саяси партияның негізі, оның нақты күші. Белсенді емес, тиімсіз басшылардың орнына ашық жиналыстарда нақты беделі бар көшбасшылар сайлануы керек", - деді партияның атқарушы хатшысы.

Асхат Оралов Jas Otan жастар қанатының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Оның айтуынша, жастарды партия айналасына біріктіру, нақты жұмыс істейтін "әлеуметтік лифтілер" құру маңызды.

"Мұнда Jas Otan ерекше рөл атқарады, ол ресми іс-шаралардан алыстап, жастардың барлық санатымен жұмыс істеуге тиіс. Jas Otan белсенді жастар мен үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыру орталығына айналуға тиіс. Бұл ұйымдастырылмаған және ауыл жастарына баса назар аудара отырып, күн сайынғы жүйелі жұмыс болуға тиіс. Бұл жұмысқа 500-ден астам адамнан тұратын жас депутаттар корпусын тарту қажет", - деді Асхат Оралов.

Сондай-ақ, ол филиалдардағы жұмысқа белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар, ең алдымен, Президенттік Жастар кадрлық резерві, праймериз, облыстар, қалалар мен аудандардың резервтегі партия тізімдерінің қатысушылары тартылуы тиіс екенін айтты.

"Барлық сайлау алдындағы міндеттеме толық көлемде орындалуы тиіс. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: "партияның одан ары  өміршеңдігі сайлауалды уәделердің қандай көлемде орындалатынына байланысты екенін түсіну керек", - деді. Әрбір елді мекен бойынша 2021 жылғы өңірлік сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуына талдау жасап, орындалу сапасына ерекше назар аударып, нәтижелерін барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялар отырыстарында қарау керек", - деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар, ол партия мүшелерінің назарын азаматтардың өзекті мәселелеріне дер кезінде ден қоюды қамтамасыз ету, оларды тікелей эфир арқылы талқылау практикасына енгізу қажеттігіне аударды.

Оның пікірінше, мәслихаттардағы партия фракцияларының отырыстары азаматтармен күн тәртібін алдын ала талқылай отырып, ашық өткізілуі тиіс.

Тағы бір міндет ретінде атқарушы хатшы мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есеп беру кездесулерін өткізуді тәжірибеге енгізуді және өзекті проблемалар бойынша, оның ішінде шалғай елді мекендерге көшпелі отырыстар ұйымдастыруды белгіледі.

"Келесі аптадан бастап Мәжіліс депутаттары халықпен кездесу үшін өңірлерге шығады. Ең алдымен, кездесулердің ашықтығына баса назар аудару керек, формализм болмауы керек. Азаматтардың қабылдауына халық қалаулыларымен кездесуді қалайтындардың барлығын жазу керек. Жалпы, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту қажет. Өңірлер мен республикалық қоғамдық қабылдау сервистік модель аясында азаматтардан келіп түскеннен бастап түпкілікті шешім алғанға дейінгі өтініштерге мониторинг жүргізуі тиіс", - деді Асхат Оралов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети