"Нұр Отан" қаржылық есеп-қисабын тұңғыш рет жария етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" қаржылық есеп-қисабын тұңғыш рет жария етеді ©Тұрар Қазанғапов

"Нұр Отан" партиясы алғаш рет қаржылық есеп-қисабын жария етпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" партиясы алғаш рет қаржылық есеп-қисабын жария етпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.

"Бір айдың ішінде біз алғаш рет, жалпы саяси партиялардың тарихында тұңғыш рет қаржылық есеп-қисабымызды жариялайтын боламыз. Меніңше, осыдан кейін біз әрбір қайырымдылық қорынан, әрбір корпоративті қор мен үкіметтік емес ұйымнан ашық болуды талап етеміз", - деді Байбек "Нұр Отан" партиясының 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында. 

"Мен ойлаймын, әлеуметтік тапсырыс, қайырымдылық көмек сияқты қамқорлық шараларын жауапты әрі ашық ұйымдарға ұсыну қажет. Сол кезде біз көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендете аламыз", - деп атап көрсетті партия төрағасының бірінші орынбасары. 

Оның айтуынша, партияның жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жаңа нұсқасында ел азаматтарының барлық ұсыныстары ескерілетін болады. Ол үшін аталған құжат халық талқысына салынады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети