Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қоластындағы қызметкердің жемқорлығы үшін жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қоластындағы қызметкердің жемқорлығы үшін жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес, үкімнен кейін мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына, осы басқармаға жетекшілік ететін әкім орынбасарына қатысты отставкаға кету жөнінде өтініш берілді. Бақтияр Мәкен жетекшілік ететіндердің қатарында білім беру, дін, жастар саясаты, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс және тағы да басқа сияқты әлеуметтік маңызды салалар барын атап өткен жөн", - делінген хабарламада.
Хабарламада әкімнің орынбасары тағайындалғаннан бері елеулі жұмыс атқарылғаны және жетекшілік ететін салалардағы негізгі индикаторлар жақсарғаны айтылады: үш ауысымдағы мектептер саны екі есеге - 8-ден 4-ке дейін, тығыздалған режиммен 22-ден 14-ке дейін қысқартылған.
"Пандемия кезінде қысқа мерзімде жедел штаб құрылды. 43 мыңнан аса адам әлеуметтік көмек алды. Аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін бірқатар әлеуметтік орталық ашылды, онда олар "бір терезе" қағидаты бойынша көмек ала алады, сондай-ақ қосымша білім алып, кейіннен жұмысқа орналаса алады. Бұдан басқа, ПТР-зертханалардың саны 1-ден 23-ке дейін ұлғайтылды, ПТР-тестілерді өңдеу уақыты 4-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жұмысты құру және еріктілерді қолдау және т. б. бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске қатыспауын ескере отырып, Бақитяр Мәкеннің отставкасы қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.
Бақтияр Мәкен 2019 жылдың 10 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. 2016 жылы алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Бұл қызметке дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.
Бақтияр Мәкен 1981 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін "ауыл шаруашылығы өнімін стандарттау және сертификаттау" мамандығы бойынша бітірген, сарапшы-аудитор.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!