Нұр-Сұлтан әкімі отставкаға кетуі тиіс пе?

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі отставкаға кетуі тиіс пе?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың отставкаға кету мәселесіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың отставкаға кету мәселесіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Себебі осыған дейін Байқоңыр ауданының әкімі пара алғаны үшін ұсталған болатын.

Бұл мәселені мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров түсіндірді.

"Бірінші басшысының жеке жауапкершілігіне қатысты заң өткен жылы 10 желтоқсанда күшіне енді. Ал Байқоңыр ауданының әкіміне қатысты қылмыстық іс өткен жылдың қараша айында қозғалды", - деді ол мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Директордың айтуынша, заңдағы жаңа өзгерістер Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне тарамайды.

"Байқоңыр ауданының әкімі бойынша сот өтті. Сот үкімі де шықты. Алайда оның заңға қайшы әрекеті қараша айында анықталды. Ол кезде бірінші басшының отставкаға кетуіне қатысты заң күшіне енбеген. Сондықтан осы талап астана әкіміне тарамайды деп санаймыз", - деді Ерлан Сапаров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети