Нұр-Сұлтан әкімі Тоқаевқа есеп берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі Тоқаевқа есеп берді Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.

Президентке кезекте тұрған азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын ұлғайту, жаңа мектептер салу арқылы үш ауысымды оқу проблемасын шешу, автомобиль көпірлері мен жолдар салу, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, газ тарту мәселесі, тұрғын-үй алаптарын дамыту, жеке инвестициялар тарту жөнінде баяндалды.

Алтай Көлгінов сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысы туралы ақпарат берді. Қазір қаламыз тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал ССС-3 іске қосылса тәулігіне 100 мың текше метрден астам қосымша су береді.

Қала әкімінің айтуынша, жылумен жабдықтау қуатын арттыру үшін ЖЭО-3 құрылысы, газ қазандықтарын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Газ қазандықтары іске қосылғанда ЖЭО-3 қуаты 3 еседен де асатын болады. Бұл құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәріз тазарту құрылыстарын жобалау (КТҚ-2), инженерлік желілерді жаңғырту, қосалқы электр станцияларын жаңалау жұмыстары жүріп жатыр.

Президентке қаланы абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Биыл елордада тағы 200-ден аса аула мен қоғамдық демалыс орындары жаңартылады.

Мемлекет басшысы жалпы әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарды қолдады. Алтай Көлгіновке елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети