21 мамыр 2020 | 12:07

Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің қаражатын заңсыз алған құрылыс компанияларының тізімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі қала прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының "тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп жатыр.

2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін үлескерлердің қаражатын заңсыз алып, тұрғын үй кешендері жобаларын жарнамалау үшін заңды бұзғаны үшін 46 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жосықсыз құрылыс салушылар заңсыз түрде үлескерлердің ақшасын алып, пәтер сатып жатыр. Проблемалық нысандар мен алданған үлескерлердің пайда болуына жол бермеу мақсатымен жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты істер полицияға және прокуратураға жіберілді. Тұрғындарға пәтер алу үшін күмән келтіретін құрылыс салушыларға қаражат бермеуге, оларға сенбеуге шақырамыз. Ақпарат пен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріңіз", - деді әкімдіктегілер.

Үлескерлердің қаражатын алуға рұқсат құжаттары жоқ құрылыс компанияларының тізімі:

  • BS Company("Би Эс Компани") ЖШС
  • Хасенова Бибисара Закириевна
  • "Шанг Хи Групп" ЖШС
  • White Gold Development ЖШС
  • First LQ ЖШС
  • "Султан-Б" ЖШС
  • NTB Projects ЖШС
  • International invest Company IIC ЖШС
  • Transcapital ЖШС
  • "АстанаСтройДом" ЖШС
  • "Азия" ЖШС
  • King Development ЖШС
  • "Актас-М" ЖШС
  • Viva Grand ЖШС
  • Ast-GA ЖШС
  • Qaz Build ЖШС
  • "Mainstreet" ЖШС
  • "Арзан 777"ЖШС
  • "Строительная компания Astana Building" ЖШС
  • Enterprise Astana ЖШС
  • "Жетісу" ЖҚ ЖШС
  • "Градум Строй" ЖШС
  • "Техмонтажстрой" ЖШС

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети