Нұр-Сұлтан әкімдігі заңсыз жарнама баннерлерін алып тастап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімдігі заңсыз жарнама баннерлерін алып тастап жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында "Тіл тазалығы - баршаға ортақ іс" атты жалпықалалық акция өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласында "Тіл тазалығы - баршаға ортақ іс" атты жалпықалалық акция өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов жыл басынан қалада 800-ге жуық заңсыз жарнама нысанының алынғанын айтты.

"Қазір әр аудан бойынша жұмыс тобын құрдық. Арнайы график бекітіп, әр күні әр ауданда заңсыз жарнамаларды алуды бастадық. Жалпы қалада "Тіл тазалығы - баршаға ортақ іс" акциясы жүріп жатыр. Шара аясында 250-ден аса нысанда заңдық консультация берілді. Жақында ғана Тәуелсіздік даңғылы бойында 200 метрден асатын билбордты алдырып тастадық. Жыл басынан жұмыс топтары "Алматы" ауданында 137, "Байқоныр" ауданында 400-ден аса, "Есіл" ауданында 15, "Сарыарқа" ауданында 247 заңсыз жарнама алынып тасталды. Жұмыстар жалғасып жатыр".

Осы ретте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктеріне және тиісті құрылымдарға жоғарыда аталған жұмысты күшейтуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети