Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралды Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуекомпаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты Нұр-Cұлтан әуежайына оралды", - делінген ААК хабарламасында.

Әуе кемесі Нұр-Сұлтан әуежайына таңғы сағат 08:32-де сәтті қонды.

Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған дерек бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети